«Property. kz» - жылжымайтын мүліктің кез келген түрі, көлік құралдары, құрылыс, қызметтер мен тауарларды жеткізушілер, тұрмыс және салтанат заттары, бос уақыт және демалыс туралы ақиқат ақпарат алғысы келетін меншік иелеріне арналған толық түсті журнал. Барлығы да - қаламсаптан аралдарға дейін - Меншік туралы!

Журнал 2007 жылғы шілдеде алғаш рет шығарылды. Жоба идеясы тұрақты дамып келе жатқан 15 компаниядан тұратын «Parasat Group» қаржылық-өнеркәсіптік холдинг компаниясының президенті Абылайхан Саматдиндікі.

Оқырмандардың назарын бір мезетте тартып алатын ашық, стандартты емес таблоидтық 26см х 33 пішімі қызықтырады. Осы әдемі, бай көркемделген толық түсті басылымның көлемі - 84 жолақ. Шығарылу мерзімділігі - 10 000 дана таралыммен 2 айда 1 рет.
«Property.kz» - бұл ақпараттық және жарнамалық материалдардың кең жиынтығы. Журналда келесі айдарлар берілген: «К собственнику», «Новости», «События», «Недвижимость», «Дизайн», «VIP», «Авто», «Досуг», «Деловой блокнот», «Рейтинг», «Раритет», «Мода», «Дом», «Товары», «Наши партнеры».

Журнал оқырманға әлемнің жылжымайтын мүлік нарығы, Қазақстандағы құрылыс саласының жағдайы жөнінде сенімді және толық ақпарат береді, жылжымайтын мүлік нарығы сарапшыларының талдама материалдарын, еліміздің жетекші қаржыгерлері мен бизнес құрылымы өкілдерінің пікірлерін жариялайды.
Біздің оқырмандарымыз - бұл мемлекеттік құрылымдар мен ірі компаниялардың бірінші басшылары, іскер адамдар, сондай-ақ шағын және орта бизнес туралы және Қазақстанның жылыжмайтын мүлік нарығы туралы ақиқат ақпарат қызықтыратындар. «Property.kz» журналы - біз түрлі салалардағы тәуелсіз сарапшылардың жариялануына мүмкіндік беретін өзгеше орын.

Біздің міндетіміз - оқырмандарды оларға табысқа жетуге, келешекте қосымша мүмкіндік ашуға, меншік иелеріне, түрлі жастағы және кәсіптегі адамдарға пайдалы болуға кепілдік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету.


Сондай-ақ біздің журналымыздың беттерінде Сіздер әлемге әйгілі саяхатшы байкер Дмитрий Иванович ПЕТРУХИНнің репортаждарын көре аласыздар.
«Property.kz» журналы Дмитрий Петрухиннің Жер шарын айналатын саяхатына демеушілік көрсетеді.

Жылжымайтын мүлік, риэлторлық қызмет, құрылыс саласы туралы материалдарды жариялай отырып, «Property.kz» журналы Қазақстан Риэлторларының Біріккен Қауымдастығымен (ҚРБҚ) тығыз ынтымақтастықта қызмет етеді.

 ҚРБҚ екі қауымдастықтың - Қазақстан Риэлторларының Қауымдастығы мен Риэлторлардың Ұлттық Қауымдастығының бірігуі нәтижесінде 2009 жылы наурыздың 19-ында пайда болды. Біріккенге дейін бұл қазақстандық ең ірі екі ұйым 7 жыл ішінде риэлторлық қызметті жетілдіруде, риэлторлық агенттіктер арасында өзара әрекетті заңнама саласында бастамалармен шығып қарқындатуда маңызды роль атқара отырып, Қазақстан жылжымайтын мүлігінің тиімді дамып келе жатқан нарығында жұмыс істейтін кәсіби адамдардың мүдделерін білдіріп келді.
Заңнамалық және нормативтік базаны дамыту және кәсіби стандарттар жүйесін қауымдастық қатысушылары үшін енгізу негізінде жылжымайтын мүліктің өркениетті нарығын дамытуға әсер ету, ортақ мүліктік мүдделерді қорғау және қауымдастық мүшелерінің материалдық емес мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жеке инфрақұрылымын пайдалану, олардың кәсіби, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудағы мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстан Риэлторларының Біріккен Қауымдастығын құрудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Property.kz» жеке мақсаттық бөлімшелерін біріктіреді:

1. «Бетси 080» типографиясы бар баспа үйі.
Жоғарғы сапалы полиграфиялық өнімнің барлық ассортименті.
2. «М2» ай сайынғы басылымы және жыл сайынғы «М2» Жылжымайтын мүлік және Қызметтер каталогы
Сатып алу-сату, жалға беру, қызметтер.
3. «AKKURAT» элиталық жылжымайтын мүлік агенттігі
Жылжымайтын мүлік таңдау мәселелеріне мұқият қарау, кәсіби кеңес беру.

«Property.kz» жобасымен жас, шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Бастамашыл, жігерлі және креативті қызметкерлердің арқасында журнал үнемі өз беттерін жаңа айдарлармен толтырып, өз ауқымын кеңейтіп отырады.

«Property.kz» Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларында, ТМД және алыс шет елдерге таратылады. Мақсатты расталған жеткізілім - Астана және Алматы қалаларының бірінші басшыларына 1 780 дана. Сондай-ақ компаниялардың офистеріне, бизнес орталықтарына, қонақ үйлерге, елшіліктерге мекен жайымен жеткізу, ұшақтардың борттарында және теміржол рейстерінде, банктерде, сауда орталықтарында, көрмелерде, риэлторлық компанияларда, құрылыс фирмаларында тарату «Дауыс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «АИФ» (Қазақстан) арқылы жүргізіледі.

 

Біздің мақсатымыз - Сіздердің сатылымдарыңыз бен Сіздердің компанияларыңыздың тиімділігін арттыру.

Біз Сіздердің оң имидждеріңізді қалыптастыру жөнінде материалдар ұсынамыз.
Біз Сіздердің ықтимал клиенттеріңіздің қолына журналды жеткіземіз.